freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тістерімді түсіріп тастады": Ильнура Нуранбекова Айтуғанмен жанжалын айтты

Шоу-бизнес •
"Тістерімді түсіріп тастады": Ильнура Нуранбекова Айтуғанмен жанжалын айтты
Фото-коллаж: malim.kz

Блогер Айтуған Ғалымовтың бұрынғы жары Ильнура Нуранбекова екінші әйел алу туралы әңгіме кезінде күйеуі өзіне қол көтергенін мәлімдеді. Ол бұл жағдайды Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ильнураның сөзінше, Айтуған екінші әйел алатынын бұған дейін әзілдеп айтып жүрген. Ол да бұл сөздерді қалжың деп қабылдаған. Бірақ бір күні екеуі осы тақырыпта шындап сөйлескенде, Айтуған сұрағына ашуланған. Ильнура балаларын алып кететінін айтып, заттарын жинай бастаған кезде араларындағы жанжал күшейген.

"Қатты ұрып, тістерімді түсіріп тастаған. Ол ертеңіне Қытайға кетті, маған ақша жіберді. Мен омыраудағы кішкентай қызымды алып, Ташкентке кеттім. Ұлымды сіңлілеріме қалдырдым", – деді Ильнура сұхбатында.

Оның айтуынша, жанжал болған кезде Айтуған кейін екінші жары болған Әсеммен араласып жүрген. Ильнура күйеуінің неге сонша ашуланғанын осы жағдаймен байланыстырады. Бұған дейін ол отбасын сақтап қалу үшін Айтуғанның екінші әйел алуына келісім бергенін, бірақ бұл шешім өзіне ауыр тигенін айтқан еді. 

Еске салайық, Айтуған Ғалымов кейін екінші рет үйленгенін көпшілік алдында растады. Ал Ильнура Taboo жобасындағы сұхбатында күйеуінің өзіне телефон арқылы үш рет "талақ' айтқанын, заңды некені бұзу туралы өтінішті өзі бергенін мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу