freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Айтыстан шеттетілген Мақсат Ақанов той сахнасында көрінді

Шоу-бизнес •
Айтыстан шеттетілген Мақсат Ақанов той сахнасында көрінді
Фото-коллаж: видеодан скриншот

Айтыскер ақын Мақсат Ақановтың тойда өнер көрсетіп тұрған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрда оның домбыра ұстап, сахнада тұрғаны көрінеді, деп Malim.kz тілшісі SN.kz жариялаған бейнежазбаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мақсат Ақанов Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстағы әдепке сай емес әрекетінен кейін алты айға айтыстан шеттетілген еді. Бұған дейін Malim.kz жазғандай, Шайырдағы шара Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының ресми жоспарына кірмеген. Ол жергілікті азаматтардың бастамасымен, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған. Дегенмен болған жағдай қоғамда қызу талқыланып, айтыс өнерінің беделіне әсер етті. Осыдан кейін Одақ Мақсат Ақановты алдағы алты айда өзі өткізетін айтыстарға қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Одақ ұйымдастыратын айтыстарда ақындардың сахнадағы жауапкершілігіне қойылатын талап та күшейтілмек.

Оқиғадан кейін ақынға қолдау білдірген өнер адамдары да болды. Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, Мақсат Ақановты бір қателігі үшін жаппай сынамауға шақырды. Әнші Меруерт Түсіпбаева да оның әрекетіне кешіріммен қарауды сұрады.

Айтыскер Нұрлан Есенқұлов әріптесімен сөйлескенін айтып, Мақсат Ақанов болған жағдайға өкініп отырғанын жеткізген. Ол да жұртты ақынның ағат әрекетіне кешіріммен қарауға шақырды.

Мақсат Ақанов кім?

Мақсат Ақанов – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан шыққан айтыскер ақын. Ол 2023 жылы республикалық "Алтын домбыра" айтысының бас жүлдесін жеңіп алып, осы марапатқа ие болған алғашқы қарағандылық атанды. Ақын сол кезде айтыс өнерінде 25 жылдан бері жүргенін айтқан. Туған жерінде оған Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу