freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақын Мақсат Ақанов алты айға айтыстан шеттетілді

Шоу-бизнес
Ақын Мақсат Ақанов алты айға айтыстан шеттетілді
Фото: aikyn.kz

Айтыскер ақын Мақсат Ақанов Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстағы әдепке сай емес әрекетінен кейін алты ай бойы айтысқа қатыспайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамда қызу талқыға түскен айтысты Одақ ұйымдастырмаған. Шара жергілікті азаматтардың бастамасымен және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен өткен.

Аманжол Әлтай Одақ өзі өткізетін айтыстарда сахна мәдениеті мен ақындардың әдебіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ Шайыр ауылындағы жағдайдың бүкіл айтыс өнеріне кері әсер еткенін айтып, бір адамның әрекеті үшін барлық ақынға кінә артпауға шақырды.

Одақ шешімімен Мақсат Ақанов алдағы алты ай ішінде ұйым өткізетін айтыстарға қатыстырылмайды.

Аманжол Әлтайдың сөзінше, бұл жағдайдан кейін ақындардың сахнадағы жауапкершілігіне қатысты талап күшейтіледі. Ол бұған дейін Одақ ұйымдастырған айтыстарда мұндай келеңсіз жағдай болмағанын жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу