Трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесі  ұсталды

Malim Админ

  • 07.09.2022

ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 мүшесін ұстады.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратурамен бірлесіп екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. Олар кәсіпкерлерге заңсыз алым салып, өз  ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген.

ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында өткен. Жедел әрекет кезінде қылмыстық топтардың 11 қатысушысы, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған «киллер» құрықталды.

Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізілген. Нәтижесінде  атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен мөлшердегі ақша, сондай-ақ есірткі тәркіленді.

Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады