freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарымта: Қытай ЕО-ның 14 ұйымына экспорттық шектеу енгізді

Саясат
Қарымта: Қытай ЕО-ның 14 ұйымына экспорттық шектеу енгізді
gmk.center

Қытай билігі Еуропалық одақтың 14 ұйымын экспорттық бақылау тізіміне енгізіп, оларға Қытайдан қос мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салды. Бұл шешім Еуроодақтың бірқатар қытайлық ұйымдарға қарсы жаңа санкциялар енгізуінен кейін қабылданды.

Қытай Сауда министрлігінің мәліметінше, енді қытайлық экспорттаушылар аталған ұйымдарға азаматтық мақсатта да, әскери салада да қолданылуы мүмкін өнімдерді жеткізе алмайды. Бұған дейін басталған жеткізілімдер де дереу тоқтатылуы тиіс.

Сондай-ақ шетелдік компаниялар мен жеке тұлғаларға Қытайда өндірілген қос мақсаттағы тауарларды осы ұйымдарға қайта экспорттауға тыйым салынды. Ерекше жағдайларда ғана экспорттаушылар Қытайдың Сауда министрлігінен арнайы рұқсат сұрай алады.

Бейжің бұл шешімді ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүддені қорғау, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау қажеттілігімен түсіндірді. Жаңа экспорттық шектеулер 24 шілдеден бастап күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу