freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қаржаубай енді жыламайды... Әділдіктің нүктесі қойылды": Шерзат Полат ісіне қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Қаржаубай енді жыламайды... Әділдіктің нүктесі қойылды": Шерзат Полат ісіне қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Шерзат Полат қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша кассациялық сот соңғы шешімін жариялады. Сотталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет берген шағымдар қанағаттандырылмай, бұрынғы сот үкімдері өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Істің қорытындысына қатысты заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде пікір білдіріп, сот шешімін әділ деп бағалады. Оның сөзінше, бұл шешім – әділдіктің салтанат құрғанының көрінісі.

"Әділдіктің соңғы нүктесі қойылды деп ойлаймын. Ананың алғысын алған мен бақытты шығармын. Сот алқасы кеңесу бөлмесіне кетіп, ұзақ уақыт жоқ болып кеткенде, қобалжи бастадым. Десе де, Шерзаттың қылмыстық ісі бойынша Тоқтаубаев А. және Қалияхметов Д.-ның сот актілеріне берген кассациялық шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. Енді бұл отбасында тек қуаныш болсын деп тілейік. Халық болып Қаржаубай отбасымен күлсе күлген, жыласа жылап қолдаған баршаңызға рақметімізді білдіреміз", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет өздерін ақтауды сұрап, жоғары сот сатысына жүгінген болатын.

Сот отырысына айыпталушылар мен олардың қорғаушылары онлайн форматта қатысты. Дидар Қалиахметтің адвокаты Айбек Майыров қылмыстың алдын ала сөз байласу арқылы жасалмағанын айтып, істі қылмыс құрамы болмауына байланысты тоқтатуды сұрады.

Ал Азамат Тоқтаубаевтың қорғаушысы Гүлмира Бабажанова оның әрекетін Қылмыстық кодекстің ауырлау бабынан жеңілірек бөлігіне ауыстыруды, жаза мерзімін екі жылға дейін қысқартуды және моральдық шығынды өтеу міндетінен босатуды өтінді.

Өз кезегінде прокурор Индира Янгалышова сотталғандардың кінәсі толық дәлелденгенін айтып, кассациялық шағымды негізсіз деп бағалады. Ол бірінші және апелляциялық сот шешімдерін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Нәтижесінде, кассациялық алқа төрағасы Артур Наримов бұрынғы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтің шағымдары қанағаттандырылмады.

Айта кетейік, Шерзат Полат 2024 жылдың қазан айында Талғарда бір топ адамның соққысына ұшырап, қаза тапқан. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, кеңінен талқыланған еді. Сот процесі ашық түрде өтіп, Жоғарғы соттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу