freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» жүйесін енгізеді

Қоғам
Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» жүйесін енгізеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ел Үкіметі шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды Қазақстанға тарту мақсатында көші-қон саясатын жаңартуды қолға алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы бастама аясында алдағы уақытта елімізде «Алтын виза» тетігі енгізілмек.

Премьер-министрдің орынбасары, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаеваның айтуынша, бұл өзгерістер Қазақстан экономикасына қажетті кадрлар үшін ашық әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Біз күрделі әрі шектеуі көп жүйеден икемді және ашық модельге көшеміз. Негізгі мақсат – қажетті мамандар үшін түсінікті, тиімді әрі болжамды көші-қон жүйесін қалыптастыру», – деді министр.

Жаңа жүйе бойынша мемлекеттік қызметтер барынша жеңілдетіліп, барлық рәсімдер «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар үдерістер толық цифрландырылып, өтініштерді қарау мерзімі қысқарады.

«Алтын виза» бағдарламасы аясында өндіріс пен инфрақұрылымға инвестиция салатын шетелдік кәсіпкерлерге, сондай-ақ сұранысқа ие инженерия, IT және медицина саласының мамандарына жеңілдетілген шарттар ұсынылады.

Бұдан бөлек, шетелдік мамандардың кәсіби біліктілігін тану рәсімі де оңтайландырылып, еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайту көзделіп отыр.

Аида Балаеваның айтуынша, бұл бастама Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, технология мен адами капиталды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көші-қон саясаты экономикалық дамудың маңызды құралына айналмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу