freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда бірыңғай ұлттық электронды кітапхана құрылады

Мәдениет
Қазақстанда бірыңғай ұлттық электронды кітапхана құрылады
фото: ЖИ

Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет кітапхана саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ол Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын еске салды.

— Аталған Жарлықтағы іргелі тапсырмалардың бірі — бірыңғай ұлттық электрондық платформа құру. Қазақстандағы барлық кітапхана жүйесін біріктіретін электронды кітапхана құруымыз тиіс. Онда бірыңғай оқырман билеті, бірыңғай каталог болады. Соның арқасында кез келген облыстағы кітапханада қандай кітаптардың неше данасы бар екенін және оларды оқырмандар неше рет алғанын т. б. деректерді онлайн жүйеде білуге болады. Сонымен бірге, электронды кітапханаға қаламгерлер де өз кітаптарын ұсынуына мүмкіндік беріледі. Бұл жоба дайындалып, Үкіметке іске асыру тетіктері жіберілді, — деді Алмаз Мырзахмет.

Сонымен қатар, Абай шығармашылығына айрықша мән беріліп, ақынның туындылары бұл жобаға жеке бір модуль ретінде енгізілетінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу