Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қоғам
Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағаларының әрі қарай өсуі күтіліп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жобаның мақсаты – сүзгісі бар және сүзгісіз темекіге, папиросқа және қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған ең төменгі бөлшек бағаларды арттыру. Ұсынылып отырған өзгеріс темекі өнімдеріне қатысты салықтық және баға саясатын ұтымды жүргізуге бағытталған. Ұсынылған түзетулерді іске асыру Қазақстан Республикасында темекі тұтыну мен шылым шегуді тұрақты түрде азайтуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді», – делінген ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығына өзгерістер енгізу жобасының сипаттамасында.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы 870 теңге деңгейінде белгіленген.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу