Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда TikTok бұғаттала ма? – Вице-министр жауап берді

Қоғам
Қазақстанда TikTok бұғаттала ма? – Вице-министр жауап берді

Қазақстанда TikTok желісі бұғаттала ма? Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселе күн тәртібінде тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-министр Қанат Ысқақов ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кейбір шектеу шаралары қарастырылатынын жеткізді.

TikTok-қа қатысты мәселені нақтылайық. Шынында да, министрлік тарапынан бүгін де бұғаттау мәселесі жоқ. Бірақ кез-келген жағдайда, заңға сәйкес, қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар қарастырылған. Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты заңдарды ашып қарауды ұсынамыз. Онда бәрі анық әрі түсінікті. Аумақтық тұтастықты бұзу, қоғамға төнетін қатерлер, әлеуметтік қатерлер және ұлттық қауіпсіздік құзыретіне жататын өзге де мәселелер айтылады ол жерде, - дейді Ысқақов.

Фото: flectone.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу