freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда заңсыз мигранттарды қабылдау орталықтары ашылмайды – СІМ

Қоғам
Қазақстанда заңсыз мигранттарды қабылдау орталықтары ашылмайды – СІМ
Фото: ҰҚК

Қазақстанда заңсыз мигранттарды орналастыру орталықтарын ашу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы келіссөздер тек визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісімге қатысты жүргізілуде.

Реадмиссия тетігі азаматтарды өз еліне қайтару міндеттемесін көздейді, ал кей жағдайларда депортацияланған шетелдіктерді қабылдау мәселесін де қамтиды.

Бұған дейін ЕО жаңа көші-қон саясаты аясында үшінші елдерде депортация орталықтарын құру мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Кейбір шетелдік БАҚ Қазақстан мен Өзбекстан мұндай нысандар орналасуы ықтимал елдердің қатарында аталғанын жазған.

Алайда қазақстандық тарап бұл мәліметтерді жоққа шығарып, қазіргі келіссөздер аясында ел аумағында заңсыз мигранттарға арналған орталықтар ашу мәселесі талқыланбайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар мұндай бастамалар адам құқықтарының сақталуына қатысты алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу