freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиададан 4 медаль жеңіп алды

Қоғам
Қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиададан 4 медаль жеңіп алды
Фото: https://t.me/oqu_agartu

Литваның Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (IBO-2026) Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлемнің 84 елінен 330-дан астам дарынды оқушы қатысқан беделді додада қазақстандық оқушылар 1996 жылғы ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін қайталады.

Жүлдегерлер:

Қайыркен Ерсұлтан (Павлодар облысы, «Білім-инновация» лицей-интернаты);

Желтова Софья (Алматы қаласы, NIS);

Әшірханов Әлихан (Алматы қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернаты);

Меженина Евгения (Қарағанды қаласы, NIS).

Олимпиада барысында қатысушылар теориялық тапсырмалармен қатар күрделі зертханалық жұмыстарды орындап, білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін сынға салды.

Қазақстан құрамасы халықаралық биология олимпиадасына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Былтыр ұлттық құрама төрт қола медаль иеленсе, биыл үш күміс пен бір қола жүлде алып, әлемдік деңгейдегі жоғары дайындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу