freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық қолөнершілер әлемдік деңгейде дәріптелуде

Мәдениет
Қазақстандық қолөнершілер әлемдік деңгейде дәріптелуде
gov.kz

7-ші шілде елімізде қолөнермен шұғылданып жүрген шеберлердің төл мерекесі.  Аталмыш мейрам бағзыдан жеткен өнер түрін дәріптеп, асыл мирасты өскелең ұрпаққа жеткізуге, креативті индустрияның алға жылжуына күш-жігерін жұмсап жүрген еңбек иелеріне ілтипат, құрмет  көрсетуге бағытталған.

2012 жылы отандық қолөнершілерді бір арнаға тоғыстырған негізгі ұйым - Қазақстан қолөнершілер одағының іргетасы қаланғаны мәлім. Қазіргі уақытта  ұйым республика көлеміндегі  650-ден аса ісмер жандардың шығармашылығын қолдауға  пәрмен беріп келеді. 

Одақ іске кіріскелі бері еліміздің әр аймағын қамтыған  «Шебер» қолөнершілер байқауы 12 мәрте  жалауын желбіретті. Мұның сыртында 10-ға жуық көрме, фестивальдер мен шеберлік дәрістері өткізіліп үлгерді. Осындай жиын-басқосулардың  нәтижесінде жүзден астам ұста, шеберлер киіз басу тәсілдерін, әшекей жасауды, ағаш оюды басқа да қолөнер бағыттарын жетілдіруге мүмкіндік алды. 

Еліміздің қолөнерші мамандары шет мемлекеттерге де кеңінен танымалдылыққа ие.  Біздің мамандар Англия, Үндістан, Түркия, Өзбекстан, Қытай, Малаизия, Азербайжан сынды мемлекеттерде ұйымдастырылған еларалық көрмелер мен фестивальдерге ұдайы қатысып жүр.  Соңғы кездерде Қазақстан қолөнершілер одағы Дүниежүзілік қолөнер ұйымдарымен тізе қосып, бірқатар тың жобаларды олжалы іске асыруда.

Ежелден сақталған төл қолөнерді халықаралық масштабта насихат етуге Мәдениет және ақпарат министрлігі ерекше маңыз береді. Оның жарқын мысалы - Қазақстанның шетелдегі мәдениет күндері. Осының шеңберінде Қатар мен Тәжікстанда қолөнершілер көрмелері табысты өткені мәлім. Ал биыл қазақстандық ісмер жандар Өзбекстан, Азербайжан, Арменияда іске асырылған халықаралық фестивальдерде  таңдаулы жұмыстарын шетелдік ағайынның алқасына ұсынды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Алматыда халықаралық фестиваль жалауын желбіреткен болатын. «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық келбеті» атты  шара барысында ғылыми конференция, өнер көрмелері мен этно мәнердегі киім топтамаларының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шаралар ұлттық мәдени мұраны жаңғыртуға, қолөнерді кең көлемде паш етуге және халықаралық айланыстарды жандандырып, мәдени көкжиегімізді арттыруға арналды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу