Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді

Мәдениет
Қазақстандықтар Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді

Қазақстандықтар Каспий теңізі жағалауында жиналып, Гиннестің рекордтар кітабына жаңа рекорд енгізді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтаудағы арнайы алаңға бес мыңнан астам адам қазақтың ұлттық киімдерін киіп жиналды. Олар Гиннестің рекордтар кітабына "Қазақтың ұлттық киімдерін киген адамдардың ең үлкен жиыны" номинациясы бойынша рекордты жаңартты.

Ақтауда таңертең күн бұлтты және жаңбырлы болды, бірақ бұл мыңдаған қазақстандықтың жиналып, алаңда серуен ұйымдастыруына кедергі болмады.

Рекордты ресми тіркеу үшін Ақтауға Лондондағы Гиннестің рекордтар кітабының штаб-пәтерінен қазылар алқасының өкілдері арнайы келді.

Қатысушылар таңғы сағат 9-дан бастап алаңға жинала бастады. Жаңбырға қарамастан, сағат 11:00-де ұйымдастырушылар төрт мың адамды санады. Ал 12:01-де қатысушылар саны бес мыңнан асты.

Жиналғандардың көңілін көтеру және тоңып қалмауы үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу