freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның бірнеше өңіріне заңсыз темекі жеткізіп отырған қылмыстық топ ұсталды

Қоғам
Қазақстанның бірнеше өңіріне заңсыз темекі жеткізіп отырған қылмыстық топ ұсталды
Фото: depositphotos

Жамбыл облысында таңбаланбаған темекі өнімдерін Қазақстанға заңсыз әкеліп, сатумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, операция прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген. Тергеу барысында Жамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, оларды сенімді адамдар арқылы өткізгені анықталған.

Заңсыз өнімдер Тараз қаласындағы сауда орындарында сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарына жөнелтілген.

Тергеу аясында 30-дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын 319 мыңнан астам қорап таңбаланбаған темекі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке төленбеген акциз көлемі 115 млн теңгені құрайды.

АФМ мәліметіне сәйкес, қылмыстық топ құрамында Қырғыз Республикасының азаматтары болған. Олар темекі жеткізу мен өзара есеп айырысуды ұйымдастырған. Қаржы қозғалысын жасыру үшін қатысушылар банктік жүйеден тыс жұмыс істейтін «Хавала» бейресми ақша аудару жүйесін пайдаланған.

Сот санкциясымен темекі тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу