freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Мәдениет
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша қазақ жұртына көңіл айтты. Министрлік Мұхтар Шахановты поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға ретінде бағалады.

Мұхтар Шаханов қазақ әдебиетінде терең мазмұнды, өршіл рухтағы шығармаларымен кеңінен танылды. Ол ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты батыл пікір білдірген қайраткер ретінде халық жадында қалды. Ақынның шығармалары халықаралық деңгейде де мойындалып, көптеген тілге аударылғаны бұған дейінгі жарияланымдарда аталып өткен.

Еске салайық, 2026 жылғы 8 сәуірде Мұхтар Шахановтың денсаулығына байланысты жансақтау бөліміне түскені хабарланған еді. Бұл туралы сол кезде Мұхтар Шаханов қорының өкілдері мәлімдеген.

Мұхтар Шаханов 1942 жылғы 2 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол тек ақын ретінде ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде де ел өміріндегі маңызды үдерістерге белсенді араласты. Әр жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі қызметтерін атқарды.

Ақынның қайсар мінезі, ұлттық мүдде жолындағы табандылығы мен азаматтық үні қазақ қоғамының жадында ұзақ сақталары сөзсіз.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу