Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қияметте қиын болады». Уағызшы асабалардың әрекетін сынады

Қоғам
«Қияметте қиын болады». Уағызшы асабалардың әрекетін сынады

Уағызшы Жарқын Мырзатай тойларда түрлі ұятсыз билер мен ойындар ойнатып, жұртты мазақ ететін асабалардың әрекетін сынап, қияметтегі жазасы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Асабалар ренжіп қалмасын. Бірақ асабалардың жағдайы қияметте қиын болады. Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп, ішкізіп қояды. Қазақтың қыздарын қой сияқты аунатып қояды. Біріншіден, олардың бүкіл өмірі арзан күлкі. Содан, бір асаба қайтыс болып, жылдық асына бардық. Көпшілікке 3 минуттық видео көрсетті. Видеода асаба ішу, жеу. Әр құдашамен билеу, құдағилармен құшақтасу болып өмірі солай өткен екен. Қаншама некесіздерді билетіп, ойнатып, құшақтатып жатыр. Құдай сақтасын. Жігітті жерге жатқызып, үстіне қызды жатқызып ойнатқан. Сол жерде асабаның жағын айырып, ұйықтатып тастайтын жігіттер жоқ болғаны ма? Мен айтамын да, өлген бейшараның айыбын ашып, тыныш жатқызбадыңдар-ау деп. Қазақ айтады, сені тәрбилегендерге сөз келтірмейтіндей өмір сүр!», - дейді ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу