Блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жүргізетін құқықтық статистика интернет-порталында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жарияланған деректерге сәйкес, іздеуде жүрген тұлға – Қамза Қайсар Бақытжанұлы. Іздеу жұмыстары екінші күн қатарынан жүргізіліп жатыр. Оның туған күні – 1995 жылдың 18 қыркүйегі. Іздеу ісі 2026 жылдың 10 қаңтарында Астана қаласы бойынша тіркелген.
Іздеуді бастауға бастамашы болған орган – Қаржылық мониторинг агенттігі. Ал іздеу шараларын агенттіктің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары блогерге іздеу салу себептеріне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.