Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қос қолдап амандаспай ма?": Асанәлі Әшімов өз шәкіртімен қалжыңдасты (ВИДЕО)

Қоғам
"Қос қолдап амандаспай ма?": Асанәлі Әшімов өз шәкіртімен қалжыңдасты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақ КСР халық әртісі, театр және киноның аңызы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрларда өнер майталманы өзінің шәкірті, актер Жұмағали Махановты әзіл-шыны аралас түрде кітаппен "ұрғаны" бейнеленген. Бұл сәт көрермендер арасында күлкі туғызып, желі қолданушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы әзіл мен құрметті ерекше бағалады.

Видеода Жұмағали Маханов та бұл сәтті әзіл ретінде қабылдап, ұстазының әрекетіне күлімсірей жауап береді.

Айта кетейік, Жұмағали Маханов бұған дейінгі бір сұхбатында өз ұстаздары туралы былай деген еді:

"Театрға алғаш келген күнім әлі есімде. Ол кезде біз үшін Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты аға буын актерлер мен Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз үлгі болды. Қазіргі ақсақалдарымыз – Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да сол биік тұлғалардың жалғасы. Мені театрда 40 жыл ұстап тұрған – осындай алыптардың қамқорлығы деп білемін", – деген болатын.

Аталған видеоны осы сілтеме арқылы көруге болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу