Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

Оқиға
Қостанайлық шенеунік күзетшіні балағаттап тастаған

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы даулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасы Қостанай облысы әкімдігінің қызметкері спорт нысандарының біріндегі күзет қызметкеріне былапыт сөздер айтқан сәт түсірілген видеоны жариялады.

Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған.

Kozachkov offside арнасының хабарлауынша, Қостанайдан бұл адамның шынымен де облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы екені расталған.

Бұл басқарманың басшысы – Алмас Әбілдин.

"Видеодағы адам – расымен де дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері. Оқиға матч аяқталған соң, қызметтен тыс уақытта болған. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Барлық тараптың әрекетіне баға беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер тәуліктің кез келген уақытында өз әрекеті үшін жауап береді, алайда бағалау кезінде жағдайдың жалпы контекстін ескеру маңызды", – деп жауап берді Kozachkov offside арнасының ресми сауалына облыс әкімінің баспасөз хатшысы Әлішер Вәлиев.

Фото: Видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу