freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Құдағиымның кешінде болдым": Роза Рымбаеваның концертінде ел күтпеген тосын жайт болды (ВИДЕО)

Қоғам
"Құдағиымның кешінде болдым": Роза Рымбаеваның концертінде ел күтпеген тосын жайт болды (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның құдағиы Ақмарал Құбашева әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видеосын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада Ақмарал Құбашева Роза Рымбаеваның сахнадағы 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кештің арнайы қонағы болғанын көрсетті. Концерт соңында ол сахнаға шығып, құдағиына үлкен гүл шоғын тарту етіп, жүрекжарды лебізін білдірген.

"Құдағиымның мерейлі кешінде қонақ болдым. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіз", – деп жазды Ақмарал Құбашева.

Айта кетейік, Ақмарал Құбашева – Роза Рымбаеваның құдағиы, сондай-ақ өнер жолын ән салудан бастаған Ақерке Бүркітбайдың анасы.

Роза Рымбаева туралы

Роза Рымбаева – қазақ эстрадасының тарихында айрықша орны бар, ұлттық музыка өнерінің символына айналған бірегей тұлға. Қазақстанның Халық әртісі, профессор, актриса әрі тележүргізуші 1957 жылғы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе станциясында дүниеге келген. Оның сахнадағы шығармашылық жолы 1975 жылдан басталып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы үздіксіз жалғасып келеді.

Әнші алдымен Семей музыкалық училищесінде, кейін Алматыдағы театр-көркемөнер институтында кәсіби білім алған. 1970-жылдардың ортасында "Гүлдер" ансамблінің солисі ретінде елге танылды. Ал 1977 жылы Болгарияда өткен "Алтын Орфей" халықаралық байқауында Гран-при жеңіп алуы оның шығармашылық жолындағы үлкен серпіліс болды. Кейін "Арай" ансамблінің жетекші солисі ретінде қазақ эстрадасының алтын қорына енген көптеген әндерді орындады.

Роза Рымбаева орындаған "Әлия", "Атамекен", "Айгөлек", "Куә бол", "Гүлдене бер, туған жер" сияқты әндер бірнеше буын тыңдарманның жүрегінен орын алды. Ол халық әндерін де, эстрадалық, поп және джаз бағытындағы шығармаларды да өзіндік ерекше дауысымен, жоғары талғаммен орындап келеді. Сонымен қатар кино саласында да актерлік қырын танытқан.

Өнер иесі халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанып, небәрі 29 жасында Қазақстанның Халық әртісі атағына ие болды. Ол "Парасат", "Құрмет", "Халықтар Достығы" ордендерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегі мен дара үні үшін халық арасында "Қазақ примадоннасы", "Қазақстанның Алтын дауысы", "Орта Азия бұлбұлы" деген бейресми атақтарға ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу