freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Құттықтап қойсаңыздар болады": Димаш Құдайбергенге қатысты қуанышты хабар тарады

Қоғам
"Құттықтап қойсаңыздар болады": Димаш Құдайбергенге қатысты қуанышты хабар тарады
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash (Фото ЖИ арқылы өңделді)

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген өнердегі інісі, актер Кеменгер Оралға көлік сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Кеменгер Орал әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, қуанышын бөлісті.

Актердің айтуынша, сыйлық оның туған күні мен премьерасы қатар келген ерекше сәтте жасалған. Димаш Құдайбергеннің тосынсыйы сол күннің ең есте қаларлық оқиғасына айналған.

"Кеше мен үшін сондай ерекше күн болды. Туған күнім, премьераның қуанышы… Ал сол күннің ең үлкен тосынсыйы – ағамның маған сыйлаған көлігі. Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сіздің маған деген сеніміңіздің, адам ретінде, аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін.

Сізбен бірге, осындай ерекше сәттердің куәсі болып жүргенім – мен үшін өте үлкен мәртебе. Ағайын, Легендадан көлік алдым сыйлыққа, құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға", – деп жазды Кеменгер Орал.

Актер Димаш Құдайбергеннің бұл сыйлығына ерекше қуанып, ағасына алғысын білдірген.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты сәтті бөліскен еді.

Димаш Құдайберген кім?

Димаш Құдайберген – қазақ өнерін әлемдік сахнада танытып жүрген белгілі әнші. Ол ерекше вокалдық мүмкіндігі, кең дауыс диапазоны және өзіндік орындаушылық мәнері арқылы халықаралық аудиторияның ықыласына бөленді.

Әнші 1994 жылы Ақтөбе қаласында өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Қанат Айтбаев пен анасы Светлана Айтбаева музыка және мәдениет саласында еңбек еткен. Сондықтан Димаштың өнерге деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Ол жас кезінен түрлі музыкалық байқауларға қатысып, сахнада өнер көрсете бастады. Табиғи дарыны мен ерекше дауысы оның ерте жастан-ақ көрермен назарына түсуіне мүмкіндік берді.

Димаш Құдайбергеннің басты ерекшеліктерінің бірі – бірнеше октаваны қамтитын кең дауыс диапазоны. Ол эстрадалық, классикалық және халық әндерін қатар орындап, түрлі музыкалық бағытта еркін жұмыс істей алады.

Өнер иесі қазақ, орыс, ағылшын, француз, қытай және басқа да тілдерде ән орындайды. Бұл оның шығармашылығының халықаралық деңгейде кең таралуына ықпал етті.

Димаштың шетелде кеңінен таныла бастауына "Славян базары" халықаралық байқауындағы жеңісі үлкен серпін берді. Ол аталған додада бас жүлде иеленіп, музыка мамандары мен тыңдармандардың назарын аударды.

Кейін әнші Қытайдағы "Singer" музыкалық жобасына қатысып, ерекше вокалдық шеберлігімен миллиондаған көрерменді тәнті етті. Осы жобадан кейін оның халықаралық танымалдығы артып, түрлі елдерде жеке концерттер өткізе бастады.

Бүгінде Димаш Құдайберген қазақ өнерінің әлемдік сахнадағы ең танымал өкілдерінің бірі саналады. Оның шығармашылығы ұлттық музыканы заманауи бағытпен ұштастырып, Қазақстан мәдениетін шетелдік аудиторияға танытуға үлес қосып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу