Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғыз депутаттарына қызметтік көлік берілмейді

Әлем
Қырғыз депутаттарына қызметтік көлік берілмейді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогарку кенеш депутаттарына қызметтік көлік беру туралы бастаманы кері қайтарды, деп хабарлайды 24.kg сайты.

Бұл туралы парламенттің Конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер мен регламенттер комитетінің отырысында айтылды.

Депутаттарды қызметтік көлікпен қамтуды көздейтін заң жобасы президенттің қарсылығымен Жогорку кенешке қайтарылды. Келісім тобы ортақ шешімге келе алмай, депутаттар бұл бастамадан бас тартты. Осылайша, президенттің шешімі өзгеріссіз қалды: қызметтік көліктер қайтарылмайды, бұл бюджет шығынын оңтайландыру үшін қажет.

Естеріңізге сала кетейік: 2021 жылы Садыр Жапаров Президенттің, Парламенттің, Министрлер кабинетінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге жауапты Президент істері жөніндегі бірыңғай департаментті құрды. Дәл осы бөлім биліктің көлік және қаржылық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Фото: 24.kg

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу