Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстан билігі нашар жұмыс істеген шенеуніктерді жазалайтын болды

Әлем
Қырғызстан билігі нашар жұмыс істеген шенеуніктерді жазалайтын болды

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер мен шенеуніктер үшін жаңа жаза әдістерін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы президент пен министрлердің шешімдерін бақылау басқармасының басшысы Азамат Осмонов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz 24.kg-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерге қолданылатын жазаның тиімді болуы үшін қатаң сөгіс алған қызметкерді бірден жұмыстан шығару қажет. Алайда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде мұндай шектеулер жоқ, сондықтан шенеунік бірнеше сөгіс ала отырып, қызметін жалғастыра алады.

«Мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін жаза механизмі әзірленеді. Бұл механизм мемлекеттік қызметкерлерді сыйақылардан айыруды, жалақыны қысқартуды да қамтиды. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзғаны үшін 10 мың сом көлемінде айыппұл салуды көздейтін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзету әзірленіп жатыр», — деп атап өтті Азамат Осмонов.

Фото: kabarlar.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу