freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қыз Жібек" фильмінде Өтекешова киген қамзолды Баян Алагөзова қалай алған?

Қоғам
"Қыз Жібек" фильмінде Өтекешова киген қамзолды Баян Алагөзова қалай алған?
Wikipedia.org

Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киіміне қатысты жариялаған жазбасына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

— «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталып жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство атап өткендей, «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

— Қазіргі уақытта «Қазақфильм» жанынан заманауи талаптарға сай келетін ауқымды музей ашу жоспарланып отыр. Аталған музейде отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар қойылып, келушілерге кеңінен таныстырылатын болады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильмінде актриса Меруерт Өтекешова киген тарихи қамзолды алғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған болатын. Алайда, бұл видео кейбір желі қолданушылардың тарапынан сынына ұшырады. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу