Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылорданың мәдени өміріндегі құбылыс. «Абай» трагедиясының премьерасы қойылды

Мәдениет
Қызылорданың мәдени өміріндегі құбылыс. «Абай» трагедиясының премьерасы қойылды
Фото: © Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордадағы Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын және философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай» операсының тұсаукесері өтті деп хабарлайды malim.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары тамашалады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото иесі: ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото иесі: ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан өнерінің алтын қорына енген «Абай» трагедиясы – ұлттық руханиятты жаңғыртқан ерекше туынды. ХХ ғасырдың 30–40 жылдары жазылып, М. Әуезов шығармашылығының негізгі арқауына айналған бұл операда Абай бейнесі сахналық көркемдік арқылы терең ашылған. Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің музыкасына жазылған қойылым қазақ халқының рухани болмысын, дала философиясын және көшпелі мәдениеттің айрықша салтын көрерменге жеткізеді.

Филармония әртістері басты кейіпкердің ой-толғамын, сөз саптауын және тұлғалық болмысын шынайы жеткізіп, көрерменнің жоғары бағасына ие болды.

Операны халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Рустам Рысмағамбетов дирижерлік еткен облыстық симфониялық оркестр сүйемелдеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото иесі: ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото иесі: ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе.

Сахналық қойылымға аралас хор ұжымы (жетекшісі – А. Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (жетекшісі – М. Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би тобы (жетекшісі – З. Стықбаева), «Әдемі» балалар театр-студиясы (жетекшісі – Қ. Боранбаев) және филармония солистері қатысты.

Қойылымның режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына арналған бұл опера ұлттық рухты көтеруге, қоғамды бірлікке үндейтін маңызды мәдени жоба болып саналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу