freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Референдумға шетелде 14 380 қазақстандық қатысады – СІМ

Қоғам
Референдумға шетелде 14 380 қазақстандық қатысады – СІМ
Фото: gov.kz

Референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.

Референдум учаскелерінде дауыс беру Токио мен Сеул қалаларында Астана уақытымен сағат 03:00-де басталды.

Астана уақытымен сағат 08:00-ге дейін барлығы 23 сайлау учаскесі ашылып, онда 198 адам дауыс берді.

Ең соңында АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі ашылып, жабылатын болады.

Атап айтқанда, ол бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылып, ертең 16 наурыз күні сағат 08:00-де өз жұмысын аяқтайды.

«Күрделі жағдайға және біздің азаматтарымыздың санының аздығына байланысты 10 елде 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Катар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия)», – деп хабарлады Арман Исетов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу