Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей мен Украина майданның бір бөлігінде атысты тоқтатты

Әлем
Ресей мен Украина майданның бір бөлігінде атысты тоқтатты
Фото: УНИАН

Ресей мен Украина Запорожье атом электр станциясы маңында уақытша бітімге келу туралы келісім жасады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Тараптар электр жеткізу желісін жөндеу үшін атысты уақытша тоқтатуға келіскен. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бітім бірнеше күнге созылады.

«МАГАТЭ тобы жөндеу жұмыстарының барысын бақылап отыр. Бұл жұмыстар әскери қақтығыс жағдайында ядролық апаттың алдын алуға бағытталған тұрақты күш-жігер аясында бірнеше күнге созылады деп күтіледі. Бас директор Рафаэль Гросси екі тарапқа да Запорожье АЭС пен Запорожье жылу электр станциясының қосалқы станциялары арасындағы электр энергиясын беру желісін қалпына келтіру үшін жаңа уақытша “тыныштық терезесіне” келісім бергені үшін алғыс білдірді. Бұл ядролық қауіпсіздікті күшейтеді», – делінген агенттіктің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу