Ресейде 1 сәуірден бастап Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz.
Baza Telegram-арнасының дереккөздеріне сүйенсек, аталған күннен бастап Роскомнадзор мессенджерді Instagram және Facebook секілді толықтай бұғаттауға кірісуі мүмкін. Мәліметке сәйкес, қосымша ел аумағында мобильді желілер арқылы да, стационарлық интернет жүйелері арқылы да жұмыс істемейді.
Кейінірек РБК басылымының сауалына жауап берген Роскомнадзордың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.
«Бұл мәселе бойынша бұған дейін жарияланған ақпаратқа қосар ештеңеміз жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, әзірге Telegram-ды бұғаттау туралы ресми шешім жарияланған жоқ.