freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейге кіру тәртібі өзгереді: Қазақстандықтарға жаңа талап енгізіледі

Саясат
Ресейге кіру тәртібі өзгереді: Қазақстандықтарға жаңа талап енгізіледі
Gov.kz

Қазақстандықтар үшін Ресейге кірудің жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. 

СІМ мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе білім алуға баратын Қазақстан азаматтары ruID мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ресей Федерациясына жұмыс істеу немесе оқу мақсатында баратын Қазақстан азаматтарына қосымша талаптар енгізіледі. Атап айтқанда, азаматтар ruID мобильді қосымшасында жеке профиль ашып, Ресейге кіруге арналған электронды өтініш беруі қажет, – деді Ерлан Жетібаев ведомствода өткен баспасөз брифингінде.

Оның айтуынша, өтініш мемлекеттік шекараны кесіп өтуден кемінде 72 сағат бұрын жолдануы керек.

Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада Ресей аумағына кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген күннен бастап 90 күн бойы жарамды болады, – деп нақтылады СІМ ресми өкілі.

Министрлік қазақстандықтарға жаңа талаптармен алдын ала танысып, Ресейге сапарды жоспарлау кезінде өзгерістерді ескеруге кеңес берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу