Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейлік әншінің Қазақстандағы концерттері тоқтатылды 

Қоғам
Ресейлік әншінің Қазақстандағы концерттері тоқтатылды 

Ұйымдастырушы Ольга Горбикова Instagram парақшасында ресейлік әнші Акмалдың Павлодар мен Өскеменде өтпек болған концерттері тоқтатылғаны мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Акмалдың Петропавлда өткен концерт кезінде көрермен әншіге алкоголь салынған пакетті сыйлады.

Акмал оны алып, сахнадан: 

"Мына пакетін алып кетіңіз, түсі ұнамайды" – деді.

Пакет көк-сары түсті болды. Яғни Қазақстанның мемлекеттік туының түсімен сәйкес келді. Бұл интернетте наразылық туғызып, көп адамдар мұны ұлттық символға құрметсіздік деп қабылдады.

Сыннан кейін әнші желіде пікір қалдырып, Қазақстанды құрметтейтінін айтты. 

Әншінің Петропавлдан кейін Костанайдағы концерті жарық жүйесіндегі ақауларға байланысты өтпеген.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу