Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

RЛTTR ACADE9Y. Ақтауда билбордты ЖИ-мен жасай салыпты

Қоғам
RЛTTR ACADE9Y. Ақтауда билбордты ЖИ-мен жасай салыпты

IMAGE: ©kursiv.media (Адэлина Мамедова)

Қазнет Ақтаудағы құйтырқы билбордты талқылап жатыр. Әскери академияның көшеде тұрған билборды зер салып қарағанда - жасанды интеллект арқылы жасалған болып шықты. Бұл туралы kursiv.media жазыпты.

Threads қолданушысы @sakenulyzhanat өз парағында сол билборды көрсетіп, видео жариялаған екен.

Ақтау әкімдігі басылымға билборд қала билігінің рұқсатынсыз орнатылғанын айтқан. Яғни, әкімдік көшедегі жазбадан хабарсыз екен.

Әкімдіктің басылымға жауабында, Ақтау қаласының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі билбордты орнатқан тапсырыс беруші және кәсіпкермен түсіндірме жұмысы жүргізгені айтылған. Қазір қатенің түзетілгенін және билбордтың жақын арада жаңаратынын да айтыпты.

Тапсырыс беруші - Ақтаудағы әскери академия екен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу