freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Сағынышым әлі басылған жоқ»: Бағдат Әшімова ауызашарда Асанәлі Әшімов туралы тебірене сөйледі (ВИДЕО)

Шоу-бизнес
«Сағынышым әлі басылған жоқ»: Бағдат Әшімова ауызашарда Асанәлі Әшімов туралы тебірене сөйледі (ВИДЕО)
Фото: Бейнежазбадан кескін

Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарға қатысып, өмірлік жары туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу кезінде ол жұбайымен өткізген жылдарды жүрекке жақын сөзбен баяндап, көптің алдында көзіне жас алғанын жасырмады.

"Ескінің салтымен басыңыз ағарсын деп, жұбатайын деп, ағаңыз кетсе де ортадан қалдырмай шақырғаныңызға рахмет. Осы отырған Асекеңнің көзін көрген кісілер. Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат дейді. 23 жыл 1 ай 3 күнім менің қалған өміріме азық, жол салып кетті. Асекең 70-ке толғанда сол кісі жұтқан ауаны жұтсам ризамын деп етегінен ұстаған едім. Өзі елдің еркесі, халықтың абысы болып, өзі жас балаларға ананың орнын алып беріп кетті. Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында, оның көзін көрген бар халықтың алдында қызмет етемін. Артында қалған мұрасын орнында ұстап отырамын", – деді Бағдат Әшімова.

Айта кетейік, ол ауызашар соңында Сәкен Майғазиевке ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізген. Желі қолданушылары да Бағдат Әшімованың салмақты сөзіне тәнті болып, марқұм өнер иесінің жарына жылы лебіздерін білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу