Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Самұрық-Қазына» басшысы 3 жылда 805 млн теңгеден астам табыс тапқан

Қоғам
«Самұрық-Қазына» басшысы 3 жылда 805 млн теңгеден астам табыс тапқан
Фото: “Самұрық-Қазына” АҚ

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов соңғы үш жылда 805 млн теңгеден астам табыс декларациялаған, ал қордың өзге топ-менеджерлерінің кірісі одан ондаған есе төмен, деп хабарлайды Malim.kz NewTimes.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2024 жылға жарияланған декларацияға сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 197 259 412 теңге көлемінде табыс алған. Бұл сома жеке тәртіппен салық салуға жатады.

Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы оның табысы 186 543 551 теңгені, ал 2022 жылы рекордтық 422 182 000 теңгені құраған. Осылайша, 2022 жылғы ең жоғары көрсеткіштен кейін қор басшысының табысы біршама азайғанымен, ол әлі де елдегі орташа жалақы деңгейінен айтарлықтай жоғары болып отыр.

Декларация деректері қордың өзге топ-менеджерлерінің табысы едәуір төмен екенін көрсетеді. Мәселен, даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор Сәтжан Салтанат Ерболқызы 2024 жылға 8 273 745 теңге табыс декларациялаған.

Басқарма төрағасы мен басқарма мүшелерінің табысы арасындағы айырмашылық 20 еседен асады, бұл холдинг басшылығы ішіндегі сыйақы деңгейінің айтарлықтай алшақтығын аңғартады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылға арналған декларациясында 14 019 492 теңге табыс көрсетілгені белгілі болған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу