Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәпиев неге декреттік демалысқа шыққанын түсіндірді

Мәдениет
Сәпиев неге декреттік демалысқа шыққанын түсіндірді

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев не үшін төрт айғанеге демалысын алғанын түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

20 тамызда Серік Сәпиевтің бала күтімі бойынша төрт айға демалыс алғаны белгілі болған еді.

"Ешкім жұмыстан кетуімді сұраған жоқ", - деген комитет басшысы. Айтуынша, ол қазір Ақтауда.

Бұған дейін Telegram-дағы Yedilov online арнасында Сәпиевтің ұсталғаны туралы қауесеттер мен болжамдар жалған екенін жариялаған болатын.

Серік Сәпиев бұл қауесеттер туралы хабардар екенін айтты.

"Мені ұстады деген ақпарат қайдан шыққанын мүлде түсінбеймін. Еңбек демалысында жүрсем де жұмыс істеп, бұқаралық спортты дамытып жүрмін. Көбі декреттік демалысқа шығатынын білемін, неге маған ғана назар аударылып жатқанын түсінбедім. Бәрі жақсы", - деген Сәпиев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу