Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сенат ТМД аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға қатысты құжатты мақұлдады

Қоғам
Сенат ТМД аумағында радиоактивті материалдарды тасымалдауға қатысты құжатты мақұлдады
Сенат

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарастырылып отырған Келісім — бұл бейбіт атом энергетикасының дамуы мен радиоактивті материалдарды қауіпсіз пайдалану, бақылау, әрі тиімді жүзеге асыруға бағытталған құжат. Радиоактивті материалдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік — бұл адамдарды қорғаудың, сондай-ақ қазіргі уақытта және болашақта қоршаған ортаны сақтаудың қажетті шарты. Келісімге 2020 жылғы 6 қарашада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында қол қойылды. Келісімнің мақсаты — радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ядролық әрі радиациялық қауіпсіздікті арттыруға жәрдемдесу, радиоактивті материалдарды тасымалдауға қойылатын ұлттық талаптарды оңтайландыру, — деді сенатор Әлібек Нәутиев.

Келісім радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдауды бақылауды қамтамасыз етуге, оған қатысушы мемлекеттердің аумақтарында радиоактивті материалдарды теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су және әуе көлігімен трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты процестердің тұрақты жұмыс істеуіне арналған бірлескен іс–қимылдарын үйлестіруге бағытталған.

Құжатта трансшекаралық тасымалдарға рұқсат ету құжаттары беріле алатын талаптар айқындалған. Оларға сәйкес:
— ядролық және радиациялық қауіпсіздікті;
— радиоактивті материалдарды қорғауды;
— трансшекаралық тасымалдау кезінде авариялар болған жағдайда авариялық дайындыққа ден қоюды;
— ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауды;
— трансшекаралық тасымалдау кезінде авария болған жағдайда, залалды өтеуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталған жағдайлар көзделген.

— Радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдауға арналған шартта авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар, сақтандыру және басқа да қаржылық кепілдіктер, сондай-ақ радиоактивті материалдарды күзет үшін жауапкершілікті беру тәртібі көзделеді. Қорытындылай келе, Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық рәсімдерін МАГАТЭ-нің халықаралық қауіпсіздік нормаларымен үйлестіруге бағытталған құқықтық негіз қалыптастырып, сол арқылы радиоактивті материалдарды қауіпсіз және тиімді трансшекаралық тасымалдау үшін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, — деді депутат.

Айта кетейік, жақында Парламент Мәжілісінде «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасы мен оған ілеспе құжаттар таныстырылды. 

Осы құжаттағы маңызды нормалардың бірі — Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік (сырттан әкелінген) радиоактивті қалдықтарды әкелуге, орналастыруға және көмуге тыйым салу. Бұл норма Қазақстанның экологиялық егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу