Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Саясат
Шенеуніктің ұлы Астанада лауазымды қызметке тағайындалды

Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып Азамат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол мемлекеттік қызметтегі мансабын 2019 жылы Астана басқармаларында бас маман лауазымынан бастаған. Одан кейін Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму бөлімінің бас инспекторы, басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, Азамат Малыбаев – 2024 жылдың қыркүйегінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Бақытжан Малыбаевтың ұлы.

Бұған дейін Бақытжан Малдыбаев ҚР ІІМ Көлік полициясы департаментінің бастығы, сондай-ақ Астана қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу