Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО әкімі болашақ спорт аренасы, Конгресс-холл және Мұз сарайы жобаларымен танысты

Қоғам
ШҚО әкімі болашақ спорт аренасы, Конгресс-холл және Мұз сарайы жобаларымен танысты
Фото: © Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бүгін Өскемен қаласында бой көтеретін жаңа спорттық және мәдени нысандардың жобаларымен танысып, құрылысқа жоспарланған жер учаскелерін аралады.

Алдымен, өңір басшысы Сәтбаев даңғылындағы «ЛИК» тұрғын үй кешені маңында салынатын әмбебап спорт аренасының орнына барды.
Фото: © Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Алдымен, өңір басшысы Сәтбаев даңғылындағы «ЛИК» тұрғын үй кешені маңында салынатын әмбебап спорт аренасының орнына барды. Төрт қабатты кешеннің бірінші қабатында 5 мың орындық шағын футбол аренасы, бассейн, көркем гимнастика залы, дәмхана мен медицина орталығы, ал жоғарғы қабаттарында баскетбол және волейбол залдары орналасады. Жоба бұқаралық спортты дамытуға және ірі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге жол ашады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бүгін Өскемен қаласында бой көтеретін жаңа спорттық және мәдени нысандардың жобаларымен танысып, құрылысқа жоспарланған жер учаскелерін аралады.
Фото: © Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Әрі қарай әкім Есенберлин даңғылында бой көтеретін жаңа Конгресс-холлдың жер телімін қарады. Үш қабатты орталықтың жалпы сыйымдылығы - 1500 адам. Мұнда концерттер, форумдар, фестивальдер және білім саласына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Нысан Тәуелсіздік монументінің жанындағы 4 гектар аумақта салынбақ.

 

Сонымен бірге, Конгресс-холл жанынан 500 орындық Мұз сарайы тұрғызылады. Бұл кешен өңірдегі хоккей, коньки тебу және мәнерлеп сырғанау спортын дамытуға серпін беретін болады.

Аймақ басшысы аталған үш ірі нысан Өскеменде қалыптасып жатқан жаңа спорттық-мәдени кластердің негізіне айналатынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу