Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстанда 55 шетел азаматы ұсталды

Қоғам
Шығыс Қазақстанда 55 шетел азаматы ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 350-ден астам шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Олардың ішінде 55 шетелдікке қатысты сот шешімімен Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынып, елден шығарылды.

Полицейлер шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тараптың хабарламаларының болуын тексеру бойынша арнайы рейдтерді жалғастыруда.

Мәселен, облыстың бір ауданында жүргізілген кезекті іс-шара барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 36 шетелдік анықталды. Барлық заңбұзушыға қатысты шара қабылданып, олар елден шығарылды. Ал жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«ШҚО Полиция департаменті еске салады: тіркеусіз тұру, қабылдаушы тараптан хабарламаның болмауы, сондай-ақ заңсыз еңбек қызметімен айналысу — бұл заңнаманы бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда жауапкершілік шетелдік азаматтарға да, оларға тұрғын үй немесе жұмыс ұсынған тұлғаларға да жүктеледі», – делінген хабарламада.

Фото: ШҚО ПД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу