Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«2025 жылғы 10 наурызда Медеу ауданы, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты. «Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша – №26в, 26г қар көшкіндер жинағында қар көшкіні орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ТЖД Қазгидрометтің 7 наурыздағы дауылды ескертуі негізінде азаматтарды таулардағы көшкін қаупі хабардар етті.
Нақтыланған ақпарат бойынша бүгін Шымбұлақта жолдан тыс сырғанау кезінде 3 турист тау бөктерін кесіп өтіп, көлемі шамамен 3500 текше метр қар көшкінінің түсуіне ықпал етті.
Фото: shymbulak.com