Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымбұлақта 4 жігіт жоғалып кетті

Қоғам
Шымбұлақта 4 жігіт жоғалып кетті

ТЖМ құтқарушылары үш мыңдық биіктіктен 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz

Алматы облысы Талғар ауданында Шымбұлақ шыңынан түсу кезінде 24-25 жас шамасындағы төрт ер адам өздерін жайсыз сезініп, 3300 метр биіктікте тоқтап қалған. Олар 112 нөміріне хабарласып, нақты координаттарын жіберіп, құтқарушылардан көмек сұраған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы Медеу бекетінен жедел түрде шығып, Безымянное шатқалына дейін жеткен. Одан әрі шектеулі көрініспен таулы аумақты жаяу кесіп өтіп, туристерге жеткен.

Құтқарушылар түн ішінде әлсіреген төрт жігітті тауып, «Шымбұлақ» таулы-шаңғы курортына жеткізді. Барлық азамат дін аман.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу