Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымбұлақта жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді

Қоғам
Шымбұлақта жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында жарақат алған туристке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 метр биіктікте, Қытай Халық Республикасының 1973 жылы туған азаматшасы тау баурайымен сырғанау кезінде белін ауыртып алып, өздігінен жүре алмады.

Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына аспалы жол арқылы көтеріліп, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының құтқарушыларымен бірлесіп зардап шеккен әйелге алғашқы көмек көрсетіп, кейін оны зембілмен төмен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу