Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте мешітте өрт шықты

Оқиға
Шымкентте мешітте өрт шықты

Шымкент қаласында мешіттен өрт шыққаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Malim.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 112 қызметіне К.Әділбеков көшесінде, Тұран шағын ауданында орналасқан екі қабатты мешіттің шатырынан түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түсті. Қалалық ТЖД жедел қызметтері оқиға орнына барып, шатырдың ағаш құрылымдарын ашып, өрт ошағын сөндірді», – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Қайғылы жағдай тіркелген жоқ.

«ТЖМөрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді!» – делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу