freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді

Мәдениет
Сыр өнерпаздары Люксембургте қазақ мәдениетін дәріптеді
Фото: gov.kz

Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігі, облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының және ERG қолдауымен ұйымдастырылды.

Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жоспарланып, қаражаты шешілген болатын.

Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.

Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті.

Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.

Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды.

Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.

Кеш қорытындысында  өнерпаздар  «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу