Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Тяньцзиндегі конференц-орталыққа барды, деп хабарлайды Malim.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына барды.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.
Фото: Ақорда