freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тәй-тәй басқан шағымда бауырына басты": Асанәлі Әшімовтің тәрбиесінде өскен қызы сырын айтты

Қоғам
"Тәй-тәй басқан шағымда бауырына басты": Асанәлі Әшімовтің тәрбиесінде өскен қызы сырын айтты
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің отбасында тәрбиеленген Жанна Өнербаева марқұм актер Сағи Әшімовті еске алып, балалық шағы туралы әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Сағи Әшімовтің туған күніне орай әлеуметтік желіде жазба жариялап, ағасына деген сағынышын жеткізді. Актер тірі болғанда 65 жасқа толар еді.

"18 шілде – менің ағам, арқа сүйеп өскен тірегім Сағи Асанәліұлы Әшімовтің туған күні. Тірі болса, 65 жасқа толар еді. Ол небәрі 38 жасында өмірден өтті. Кинода сомдаған Шоқан бейнесіндей аққан жұлдыз болып, жүрегімде мәңгі қалды", – деп жазды Жанна Өнербаева.

Оның айтуынша, өзі Сарысу өңірінде дүниеге келгенімен, балалық шағы Алматыда өткен. Бір жастан енді асқан кезінде ата-анасы қазақтың туыстық дәстүрін сақтап, оны Асанәлі Әшімовтің отбасына тәрбиелеуге берген.

"Тәй-тәй баса бастаған шағымда мені Асанәлі ағамның отбасына бала етіп беріпті. Есімді білгеннен алдымда Мәди мен Сағи есімді екі ағам, анамдай бауырына басқан Майра тәтем, Асанәлі ағам және мейіріміне бөлеген Тәжіхан апам бар деп өстім", – дейді ол.

Жанна Өнербаева сол шаңырақта Мәди және Сағи Әшімовтермен бірге өсіп, олардың қамқорлығын көргенін айтты. Әсіресе Сағи ағасының мектепке жетектеп апарып, сабақтарына көмектескенін ерекше ықыласпен еске алды.

Кейін ол өз отбасына оралып, мектепті сонда аяқтаған. Театр саласын таңдаған кезде Сағи Әшімов оған қолдау көрсетіп, шығармашылық жолына үнемі тілекші болған.

"Отбасын құрып, той жасаған кезімде де ағалығын көрсетіп, жанымнан табылды. Ол сол уақытта бірнеше фильмге түсіп, елге танылған актер еді. Тірі болғанда театр мен кинода талай жарқын бейне сомдар еді. Жаның жәннатта болсын, асыл ағам", – деп жазды Жанна Өнербаева.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу