Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Танымал ақын Күләш Ахметова өмірден өтті

Қоғам
Танымал ақын Күләш Ахметова өмірден өтті
Фото: gov.kz

Қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметова өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына, күллі әдеби қауымға, туған халқына қайғыра көңіл айтады. 

Күләш Ахметова — өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ — жаздың жүрегі» секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады. Өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала береді. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын, — делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу