Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда 147 мұғалім демалыс уақытында жұмысқа жегілген

Қоғам
Таразда 147 мұғалім демалыс уақытында жұмысқа жегілген

Тараз қаласындағы орта мектептердің 147 мұғаліміне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуы анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасы хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Прокурорлардың мәліметінше, педагогтарға мерекелік, демалыс және түнгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін үстемеақы төленбеген. Сондай-ақ ұжымдық шарттар сақталмаған.

Аталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Конституцияға қайшы келеді.
Прокуратура қабылдаған қадағалау актісінің нәтижесінде, мұғалімдерге тиісті ақылар толықтай төленіп, олардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Заңнамаға сәйкес, әрбір азаматтың тынығуға, лайықты еңбек жағдайына және әділ еңбекақыға құқығы бар. Прокуратура өкілдері бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасатынын айтты.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу