Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тимати деген әншіге разы еместер желілерді шулатып жатыр

Қоғам
Тимати деген әншіге разы еместер желілерді шулатып жатыр

IMAGE: inkppl.com

Azattyq.org сайтының желілердегі парақтары және бірнеше интернет-ресурс ресейлік Тимати деген әншінің Қазақстанға келуіне қарсылар туралы жазған.

Әлеуметтік желілерде аталған әншінің қараша айында Астана қаласында концерті болатыны туралы мәлімделген болатын.

Сондай жарнамалық постерлер қазақстандық қолданушылардың наразылығын тудырып отыр. Әншіге тағылған басты айып - оның Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын қолдауы. Тиматидің Қазақстанға келуіне қарсылардың пікірінше, соғысты айқын түрде қолдаған әншінің көзқарасы Қазақстанның саясатына мүлде қарсы.

Бұған қоса, аталған әншіге Украина тарапынан халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі.

Соңғы кездері, соғысты қолдап санкцияға ұшыраған ресейлік тұлғалардың Қазақстанды жағалап кеткені жиі айтылып жүр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу