freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев әлеуметтік төлемдер мен жұмыспен қамту мәселелері жөнінде есеп тыңдады

Саясат
Тоқаев әлеуметтік төлемдер мен жұмыспен қамту мәселелері жөнінде есеп тыңдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалуда. 2025 жылы зейнетақы, базалық жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Биылғы бес айда бұл көрсеткіш 2,7 триллион теңгені құрады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мүгедектігі бар жандарды қолдау және жұмысқа орналастыру шаралары жөнінде баяндалды.

Биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, еліміздің аймақтарында 7 жаңа оңалту орталығын ашу міндетін қойды. Бұл қызметтердің қолжетімділігін жақсартып, ерекше қажеттілігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Президентке халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды.

Биыл лайықты жалақы төлеп, әлеуметтік аударымдарды үзбейтін әрі еңбек қауіпсіздігін сақтайтын тұрақты және орнықты жұмыс орындарының санын 3,1 миллионға дейін жеткізу міндеті қойылды.

Жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында Маңғыстау және Павлодар облыстарында «Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі» пилоттық режимін іске қосу жоспарланды.

Сондай-ақ министр еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты. Электрондық форматта 6,7 миллион еңбек шарты жасалған.

Мекемелердің 118 мыңнан аса жұмыскері міндетті сақтандыру шартымен қамтылды. Еңбек инспекторларының көмегімен 22 мыңнан аса жұмыскердің құқығы қорғалды.

Өндірістік жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Кәсіптік тәуекелдерді айқындау, оқыту үдерісін автоматтандыру және төмендетілген жалақыны анықтау үшін цифрлық шешімдер енгізу қарастырылған.

Мемлекет басшысы саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Президенттің айтуынша, қабылданған шаралардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу